Дауылбаева Шөкен

 

1893 жылы  бұрынғы Торғай уезі Қайдауыл болысы Рахмет  ауылында дүниеге келген.  Ауылшаруашылығының ұйымдастырушысы, қоғам қайраткері бала кезінде төте әліпбиімен сауатын ашып, ауылда  қоғамдық жұмыстарға  ерте араласқан. 1927 жылы Шыңсай ауылдық кеңесіне төраға болып сайланған.  1933-1935 жылдары Сартал ауылдық кеңесінің төрағасы болды. 1935 жылы Қазақ АКСР кеңестерінің ІХ шақырылған съезіне делегат болып, Орталық атқару комитетінің мүшелігіне сайланды. 1936 жылы Амангелді  аудандық  атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1939-1941 жылдары Тельман атындағы ұжымшардың, 1945-1952 жылдары «Екпінді» ұжымшарының төрағасы, 1939-1941 жылдары Жаңаауыл ауылдық кеңесінің төрағасы, 1945-1949 жылдары «Екпінді» ұжымшары  басқармасының төрағасы болып қызмет етіп, аудан экономикасын соғыс жағдайына бағыттап қайта құру, соғыстан титықтап шыққан шаруашылықтарды қалпына келтіру ісіне айтарлықтай үлес қосты. 1949 жылдан өмірінің ақырына дейін Ленин атындағы ұжымшарда ферма меңгерушісі болды.