ХХ ғасырдағы ауданымыздағы елеулі оқиғалардың бірі Торғай тыңының көтерілуі еді. Бұл оқиға 1959 жылы Оразалы Әбішұлы Қозыбаевтың ауданымызға бірінші хатшы болып сайлануымен тұспа - тұс келді. Биылғы жылы Торғай тыңының көтерілгеніне 65 жыл толып отыр. Осы елеулі оқиғағалардың тарихы музей қорында қазіргі уақытта сақтаулы. Тың игерудің қиыншылықтары сол уақыттағы ата - бабаларымыздың тыңға қосқан үлесін дәріптеу, насихаттау мақсатында 25 - 29.04 күн аралығында А.Иманов атындағы мемориалдық музейде «Торғай тыңын көтеру» атты көрме құрылды. Аталған іс - шараға қатысқан аудан мектептерінің оқушыларына және балабақша тәрбиеленушілеріне қор сақтаушысы Сейдағалиева Д.Н көрмені таныстырып, музей залдарына экскурсия жасады.