2024 жылдың 04.24 күні Батпаққара көтерілісінің 95 жылдығына арналған Қостанай қаласындағы «Қостанай облыстық тарихи - өлкетану музейі» КММ - сіндегі «Қазақстандағы 1929 - 1931 жылдардағы көтерілістер: зерттелуі және тың деректер» тақырыбындағы республикалық ғылыми - тәжірибелік конференцияға «А.Иманов атындағы Амангелді мемориалдық мұражайы» КММ-сінің басшысы Абжанова Камшат Жарылғапқызы қатысып, «Тарихтың тауқыметті жылдары» тақырыбында баяндама оқыды. Конференцияға қатысушы ғалымдарға, ЖОО оқытушылары мен магистранттар, музей, архив қызметкерлері, өлкетанушыларға арналған «Қостанай облыстық тарихи - өлкетану музейімен біріктірілген нәубет жылдардағы оқиғалар баяндалатын, музей қорындағы фото - суреттерден, құжаттардан құрылған «Батпаққара көтерілісіне 95 жыл» тақырыбындағы көрме ұсынылды.