2024 жылдың 17 - 20 сәуір аралығында «А.Иманов атындағы Амангелді мемориалдық мұражайы» КММ - сінің басшысы Абжанова Камшат Жарылғапқызы Астана қаласындағы ҚР Ұлттық музейінде ұйымдастырылған “Еуразияның заманауи тарихи және тарихи антропологиялық зерттеулері” тақырыбында өткен II Халықаралық ғылыми - практикалық конференцияға қатысып, ҚР - ның Мәдениет және ақпарат министірлігінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи - мәдени музей қорығының сертификатын алды.

Шара барысында Саха Республикасының “Якутия қазынасы” атты көрмесінің ашылу рәсімі болды. Көрмеге Саха Республикасының экономикалық дамуының негізгі объектілері, қолданбалы өнері, халықтың көпұлтты құрамы, дәстүрлі өмір салты мен жергілікті халықтардың мәдениеті шеберлерінің жұмыстары қойылды.