3 - сәуір 1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілістің басшысы, сардар Амангелді Үдербайұлы Имановтың туған күні. Амангелді батырдың есімін ардақтау, ұлықтау және тағзым жасау мақсатында Амангелді ауданының әкімі Карбозов Т, аудандық ардагерлер, "Сатыбалды ишан" мешітінің бас имамы Шәмшиден Н және аудан тұрғындарының қатысуымен «Шұғыла» қосымша білім беру орталығындағы алаңындағы батырдың жерленген орнына барып, құран бағышталып, Амангелді батыр жайлы деректер айтылды.