Күн менен түн теңеліп, Жер-Ана жаңа күйге еніп, тіршілік атаулы оянып, айнала мәре-сәре болатын Ұлыстың ұлы күні –жыл бастауы әз-Наурыз баршаңызға құтты болсын!

Наурыз мейрамы – береке мен бірліктің, молшылық пен тоқшылықтың мерекесі.
Бұл күнге де аман-есен жеттік деп қуанған халық бір-бірімен қуана көрісіп, өкпе-ренішті ұмытып, бір қазаннан Наурыз көже ішіп, тойлатқан. Ән-күй шырқалып, балалар ұлттық ойындар ойнаған. Бүгінгі күні де осы дәстүрлеріміз ұмытылмай, керісінше, қайта жаңғырып, жанданып келеді. Біздің А.Иманов атындағы мемориалдық музей ұжымы Наурыз мейрамын ерекше шаттықпен қарсы алды. Тоғызқұмалақ, асық ату, бестемше ойындары ойнатылды, қазақтың тұрмыстық заттарының қолданылуы көрсетілді, ән-күй шырқалды.

Еліміздегі тұрақтылық тұғыры бекемделіп, бақ-берекеміз арта берсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!