Бүгін А.Иманов атындағы музейде Амангелді ауданының 96 жылдығына орай Жастар ресурстық орталығы мен музей ұжымы бірлесіп ұйымдастырған интеллектуалды сайыс өтті. Сайыста аудан әкімдігінің, Ы.Алтынсарин атындағы мектебінің, Есір ауылының белсенді жастары қатысты. Интеллектуалды сайыс "Таныстыру", "Викториналық сұрақтар", "Тұлға", "Кинотуынды", "Менің жобам" атты 5 айналымнан тұрды. І орынды "Болмысы бөлек Батпаққара", ІІ орынды "Алаш елі", ІІІ орынды "Амангелді сарбаздары" тобы иеленді. Қатысушылар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Сайыс алдында қатысушылар және көрермендерге "Тарихы терең -Амангелді" атты көрме таныстырылды. Құрметті, аудан халқы, келіп жеткен мерекеміз құтты болсын! Тарихы тағылымға толы туған өлкеміздің болашағы жарқын, келешегі кемел болып, жүз жылдығымызда да амандықпен жүз көрісуге жазсын!