Ұлттық валюта — төл теңге
 
Бүгін ұлттық валютамыз – теңгеге 30 жыл толды. 1993 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге айналымға енгізілген еді. Ал 1997 жылдан бері Мемлекет басшысының Жарлығымен 15 қараша – төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні ретінде аталып өтіп келеді.
 
Ұлттық валюта теңге күніне орай оқушыларға музейлік сабақ өткізілді. Сабаққа Есір ауылының Н.Мейірманов атындағы орта мектебінің оқушылары қатысты.