Қазақстан халқы 25 қазан – Республика күнін қайтадан атап өте бастады. 2022 жылы мерекелер тізіміне енген болатын.Мереке аясында А.Иманов атындағы мемориалдық музейінде мереке қарсаңында «Менің Отаным – Қазақстан» интеллектуалды сайысы ұйымдастырылды. Іс-шараға Б.Қолдасбаев, Ә.Боранбаев, Ы.Алтынсарин, Амангелді орта мектебінің оқушылары және музей жанынан құрылған «Руханият» үйірмесінің оқушылары белсене қатысты. Сайыс бағдарламасында оқушылар «Атадан қалған асыл сөз», «Қазақ киносы», «Тарихи тұлға» атты айналымдарда өз білімдерін көрсетті. Сайыстың қорытындысы бойынша «Парасат» тобының мүшелері 1-ші орын (Ы.Алтынсарин орта мектебінің оқушылары), 2-ші орын «Қызғалдақ» тобы (Амангелді орта мектебі), 3-ші орын «Жүйрік» тобы (Ә.Боранбаев орта мектебі) иеленді. Қатысушылар сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар, «Арт - спорт» бағдарламасы аясында Амангелді ауданында жұмыс жасап жатқан «Айжұлдыз» өнер-білім студиясы қатысушыларының сурет көрмесі және «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбындағы музейдің көрмесі таныстырылды.