2023 жыл ауданымыз үшін айтулы, тарихи мерейтойларға толы. Биыл ұлт азаттық көтерілісінің бас сардары, Халық батыры Амангелді Үдербайұлы Имановтың туғанына 150 жыл және Амангелді ауданының құрылғанына 95 жыл толып отыр. Атаулы мерейтойлар қарсаңында халық батыры атындағы мұражайға жөндеу жұмысы жүргізілген болатын. Күрделі жөндеу жұмысынан кейін жаңарған мұражай есігі бүгін қайта ашылды. Бүгін А.Иманов атындағы музейге келушілердің саны көп болды. Облыс әкімі Құмар Іргебайұлы бастаған делегация, Амангелді Үдербайұлының ұрпағы Батырлан Амангелдиев, аудан әкімі Талғат Тойшыбекұлы және Қазақстанның әр түкпірінен қонақтар келді.