(1925 ж., Қостанай облысы Амангелді ауданы Сартал ауылы - 1993 ж.) - қазақтың тұңғыш кәсіби суретшілерінің бірі, Қазақстанның халық суретшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, педагог, профессор.

1948 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітірген, училищеде А. Черкасский, Л. Леонтьевтерден дәріс алған.

1951 жылы Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік институтына түсіп, суретші Ф. Решетниковтің жетекшілігімен жұмыс істейді.

Институтты бітірерден бір жыл бұрын КСРО Суретшілер одағына қабылданады.

1965 - 1980 жылдары В.И. Ленин атындағы Қазақ мемлекеттік политехникалық институтының сәулет-құрылыс факультетінің сурет және кескіндеме профессоры. 1985 жылы Қазақстанның халық суретшісі атағы берілді. Кенбаев туындылары терең лиризм мен эпикалық кеңдіктің, монументтіліктің өзара үйлесім табуымен ерекшеленеді. Құрманғазы бейнесін шынайы жеткізгені үшін 1959 жылғы республикалық бәйгеде бірінші жүлдеге ие болды. Оның қылқаламынан туған көптеген еңбектер Мәскеудегі Третьяков галереясы мен Шығыс халықтары өнерінің мемлекеттік музейінде, Қазақстанның Орталық көркемөнер галереясында сақталған.