Биыл қыпшақ тайпасынан шыққан, ең ірі араб елдерінің бірі Мысыр шаһарында билеуші, әскери қолбасшы болған Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойы аталып өтілуде. Осыған орай 14.06 күні Амангелді орта мектебінде "Күн шуақ" демалыс алаңы оқушыларына «Қыпшақ Сұлтан Бейбарыс» тақырыбында тарихи-танымдық сағат өткізілді. Іс-шара барысында тарихи тұлғаға деген қызығушылықтарын арттыру, ерлігін, батылдығын, табандылығын, қайсарлығын үлгі ету мақсатында Сұлтан Бейбарыстың өмір жолы, қолбасшылық қабілеттері туралы айтылып, қыпшақ даласынан шыққан сұлтанға арналған кітапттар, фильмдер, тарихи ғимараттар таныстырылды.