Бұл мереке 1977 жылы Мәскеу қаласында бекітіліп, 1978 жылдан бері көптеген елдерде мерекеленіп келеді. 1997 жылы тұңғыш рет «Музей түні» іс-шарасы Берлин қаласында өткізілген. Бүгінгі таңда республикамыздың барлық өңірлерінде «Музей түні» ұйымдастырылып отырады. Дәстүрге айналған Музей түні іс-шарасы А.Иманов музейінде де аталып өтті. Мереке аясында Халық батыры, 1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілістің бас сардары А.Имановтың туғанына 150 жыл толуына орай, алдынғы хабарландыруда жарияланғандай “Батырдың биік тұлғасы” және "Шұғыла" балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығындағы

балалардың шығармашылығынан көрмелер ұсынылып, таныстырылды. Музейге келуші оқушыларды ынталандыру мақсатында викториналық ойын өткізіліп, сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, ұлт ұлықтаған Амангелді батырдың туғанына 150 жыл толуына арналған Астана қаласында 3 сәуір күні ұйымдастырылған іс-шараларға виртуалды экскурсия ұйымдастырылды.