18.05.2017ж. А.Иманов мемориалдық мұражайында «Мұражай - 2017»  салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік іс-шараның  I  бөлімінде мұражай ұжымы мен қонақтарды аудан әкімнің орынбасары Т.Карбозов, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасы Б.Уахитов Халықаралық мұражайлар күнімен құттықтады. Мұражайдың 2-ші қабатында орналасқан этнография залында аудан әкімінің орынбасары Т.Карбозов, мәдениет саласының ардагері Ұ.Ибраева  «Торғай даласындағы қорғандар құпиясы, Қараоба қорымы және Сармат жауынгері» жаңа экспозициясының ашылуы рәсімінің тұсау кесерін жасады. Мұражай қонақтарына мұражайдың 1-ші қабатында «Қолөнер шеберлері»  көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге «Қарасу» округінен зергер Б.Мырзахметовтің қолдан соғылған зергерлік бұйымдары, аудан орталығының тұрғыны К.Хамзинаның заманауи үлгідегі таза күмістен соғылған әшекейлері, «Үрпек» ауылдық округінен зейнеткер Х.Мұқышқызының іскер қолынан шыққан қазақ халқының бай ою-өрнектері мен әшекейленген қыз жасаулары,  әртүрлі үлгідегі ұлттық нақышта көркемделген киімдері мұражайға келушілердің назарына ұсынылды. Көрмеге А.Иманов мұражайы қорындағы көркемсурет жиынтығынан алынған «1916-1917 ж.ж. Торғайдағы Ұлт-азаттық көтеріліс» тақырыбындағы XXғ. 50-70 Қазақстанның бейнелеу өнері шеберлерінің туындылары қойылды. Мұражай қызметкерлері мұражайға келушілерді сағат 23:30 ға дейін көрме залдарымен, экспонаттармен таныстырды.