1992 жылғы 7 мамырда  Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды. Бұл күні Қазақстан Республикасының Президенті " Тәуелсіз еліміздің  Қарулы Күштерін құру туралы" Жарлыққа қол қойды. Бүгінде 7-мамыр Отан қорғаушылар күні - мемлекеттік мереке ретінде елімізде атылып өтіледі.  Мереке аясында музей қызметкерлері Ә.Боранбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің интернат базасында өткізіліп жатқан оқу-далалық жиын барысында «Көз мерген Амангелді батыр» тақырыбында дәріс оқыды. Мақсаты: Амангелді Үдербайұлы Имановтың  туғанына 150 жыл толуына орай батырдың ерлігін дәріптеу, туған өлкемізден шыққан батырларды  құрметтеуге, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.Іс - шараға аудан мектептерінің оқушылары және алғашқы әскери дайындық мұғалімдері қатысып, «Амангелді батырдың өмір жолы», «1916 жылғы Торғайдағы көтеріліс тарихы», «Көтерілісшілердің стратегиясы мен тактикасы» жөнінде мәліметтер алды.