Бүгін Амангелді ауданында XXXVI “Өнеріміз саған, Қазақстан" атты облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы байқау-фестивалі өтті. Аталған іс-шараның аясында биыл Амангелді өңірінің ұлы тұлғаларының мерейтойларына арналған көрме ұйымдастырылды. (А.Имановтың туғанына 150 жыл, Құтжан Қанжығалиннің туғанына 120 жыл, Ақан Нұрмановтың туғанына 90 жыл, Қалибек Деріпсалдин мен Хамит Мұсабаевтың 70 жылдық мерейтойы)
А. Иманов атындағы музей Амангелді батырдың жәдігерлері мен заттарын көрмеге ұсынды.