Қайталанбас жазу шеберлігімен қазақ әдебиетінде айрықша із қалдырған, қасиетті қарт Торғайдың топырағынан нәр алған Ақан Нұрманов – оқшау туған танымал тұлғалардың бірі . 
Болмысы бөлек текті талант 35 жыл ғана ғұмыр кешті. Ол осы найзағайдай қысқа ғұмырында «Құланның ажалы», « Солай болған екен», «Аққу шоғыры», «Ор», «Ымырт», «Күзде ашылған гүл», «Әке», «Айнакөлдегі түн», «Жақсы апа» секілді 30 дан астам әңгімелерін жазған. Оның бұл шырайлы шығармаларын рухтас замандастары «... Салқын сабырға, салиқалы сырға, байсалды ойға толы» деп бағалаған еді.
Биыл қаламгердің туғанына 90 жыл толып отыр. Осыған орай жазушының өмір жолын, еңбек жолын, шығармаларының мазмұнын баяндайтын бейнематериалымызды назарларыңызға ұсынамыз.