7 сәуір күні Амангелді ауданының әкімі Т.Тойшыбекұлы және аудан активтері, музей қызметкерлері Амангелді Үдербайұлы Имановтың туғанына 150 жыл толуына орай, батыр есімін ұлықтау мақсатында ұйымдастырылған Үрпек ауылындағы іс-шараларға қатысты.

Іс - шара аудан орталығындағы «Шұғыла» қосымша білім беру орталығының жанында орналасқан А.Имановтың жерленген орнындағы ескерткішінің басына құран бағыштаудан басталды. Одан кейін Үрпек ауылындағы «ҰОС» ардагерлеріне арналған «Даңқ» аллеясы салтанатты түрде ашылған соң, «Батырдың биік тұлғасы» атты ғылыми-практикалық конференциямен жалғасты. Іс-шара барысында музей басшысы С.Туленов "Батыр.Қайраткер.Тарихи тұлға" атты баяндама оқыды.

#АмангелдіИмановтыңтуғанына150жыл