04.04 күні 1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілістің  бас сардары Амангелді Үдербайұлының туғанына 150 жыл толуына орай  Ә.Боранбаев, Н.Мейірманов атындағы жалпы білім беретін мектептерде музейлік сабақ өткізілді. Іс - шара мақсаты: өскелең ұрпаққа батырдың өмір жолын, мәңгі өшпес ерлігін таныстыру. Сабақ барысында батыр есімін иеленген музейдің бейне - экскурсиясы көрсетіліп, 1916 жылғы Торғайдағы көтеріліс тарихы және  ерлік пен елдікті ту еткен А.Имановтың өмір жолы  туралы деректер баяндалды.