Оқушылардың іс-әрекетін ойын формалары арқылы туған өлке тарихын зерттеу, өлкенің мәдени ескерткіштерімен таныстыру, патриотизм сезімін қалыптастыру және Кіші Отанымызға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында  18 сәуір  –  Халықаралық  Тарихи ескерткіштерді қорғау күні қарсанында А.Иманов музейінің ұйымдастыруымен аудан мектептерінің оқушылар арасында онлайн-квест ойыны өткізілді. Іс-шараға мектеп оқушыларынан командалар құрылып, 6-8 сыныптардағы қатысушылардың жалпы саны 9 оқушы, 3 кезеңнің тапсырмаларын орындады. Аудан көлеміндегі тарихи ескерткіштер жөнінде сұрақтарға жауап берілді, тақырыпқа сәйкес ситуациялық сұрақтар қойылды, жалпы Қазақстан бойынша тарихи ескерткіштерге ой шақыру арқылы сипаттама берілді. Квест ойынының нәтижелері бойынша оқушылар өз білімдерін көрсетіп қана қоймай, өздері үшін көптеген қызықты тарихи ескерткіштер жөнінде мәліметтерді білді. Команданың барлық қатысушылары алғыс хаттармен марапатталды.