Еңбек ері - Əмзин Намазбайдың туғанына 110 жыл.
1912 жылы Ақмола облысының Есіл ауданында туған. 1932-1933 жылдары Жанкелдин атындағы ауыл шаруашылық артелінде колхозшы, кейін есепші болып жұмыс істеді.1938-1943 жылдары Осоавиахимнің Амангелді ауданы Қорғаныс қоғамы кеңесінің төрағасы қызметін атқарды. Ол көбінесе 1947 жылы қоғамдық мал шаруашылығының күрт өркендеуін қамтамасыз етіп, зор табыстарға жетті. Партия мен үкімет озат колхоз басқармасының ұйымдастырушылық қабілеті мен қажырлылығын айырықша бағалап,
СССР Жоғары Кеңесі Президиумның 1948 жылғы 23 шілдедегі Əмзин Намазбайға «Социалистік Еңбек Ері» атағы берілді.