Еліне деген еңбексүйгіштігі, жауапкершілігі, өзіне және өмірге деген шынайы және адал көзқарасы үшін, бүкіл саналы ғұмырын арнап,елдің өркендеуіне үлес қосқандары үшін Амангелді ауданы бойынша 1948 жылы бір бұйрықпен 14 жерлесімізге «Социалистік Еңбек Ері» атағын берілген болатын. 1976 жылы еңбектегі жетістігі үшін СССР Жоғары Кеңесі Президиумның Жарлығымен Тарғынбек Тілеулинге  «Социалистік Еңбек Ері» атағы берілді.

   Олар - шаруашылық пен мəдени құрылыстағы аса үздік жетістіктері үшін еңбекте ерекше көзге түсіп, өздерінің жаңашыл қызметтерімен қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға, халық шаруашылығын өрге бастыруға, ат салысқандары үшін ең жоғары құрметті атаққа ие болды.

    Еліміздің тарихы аса бай. Дегенмен, басты байлығымыз – оның ғажайып адамдары. Ұлы істің артында нағыз батыр жатыр. «Социалистік Еңбек Ері» атағын иеленген бірқатар жерлестерімізге:

  • Шаяндин Бисапақтың туғанына 125 жыл.
  • Жансапақов Қалмағанбет 140 жыл
  • Омаров Байділдə 120 жыл
  • Əмзин Намазбай 110 жыл
  • Тілеулин Тарғынбек 80 жыл толғалы отыр.

   Жоғарыда аты аталған еңбек ерлерінің есімдері - қазіргі және болашақ ұрпақтарға үлгі-өнеге болып қала береді.Ұлы Отан соғысы кейін еңбеккерлеріміздің  теңдессіз ерліктері мен ауыл шаруашылығы саласында жасаған қажырлы қызметтері зор құрметке лайықты. Келесі посттарда жоғарда аты аталған еңбек ерлеріне атаулы жылдар толуына орай, Еңбек ерлерінің өмір жолы және шаруашылықтағы атқарған қызыметі жөнінде посттар жарияланып отырылады.