ҚР-ның Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай күзгі демалыс уақытындағы Амангелді  ауданының мектептерінің оқушылары қараша айының 02.11-03.11 күндері музейге келді. Музей қызметкері Ж.Досбергенов мектеп оқушыларына «Тәуелсіздік жылдарындағы елеулі оқиғалар» атты тақырыптық экскурсия жүргізді. Іс-шара барысында оқушылар 1916 жылғы Торғайдағы Ұлт-азаттық көтеріліс тарихымен танысып, Тәуелсіздік жылдарындағы Амангелді ауданының 1991 жылдан қәзіргі уақытқа дейінгі ел ішіндегі елеулі оқиғалар жөнінде мәліметтер алды. Сонымен қатар, музей қорында сақталған Амангелді ауданының құрылғанына 90 жыл толғанда түсірілген "Тоқсан жолдың торабы" атты деректі фильм көрсетілді.