29-30 мамыр күндері Арқалық қаласында «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» халықаралық жобасы аясында «Саяси қуғын-сүргін: тарих тағылымы және қазіргі заман» атты форум өтті. Қаладағы А.Байтұрсынов ескерткішінің ашылуынан бастау алған іс-шара Ы.Алтынсарин ескерткішіне гүл шоғын қоюмен жалғасты. Арқалық МПИ ғимаратында өткен «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстары», «А.Байтұрсынұлы – Ұлттың ұлы ұстазы», «Ұрпақтар сабақтастығы мәніндегі тарихи естеліктер» тақырыбында сессиялар жұмыс атқарды. Жоғары деңгейде өткен халықаралық  конференцияға А.Иманов мемориалдық музейінің басшысы Сахан Оңжанұлы да қатынасты.