Ұлы Отан соғысының ардагері – Сейіл Ахметовтың баласы Сәрсенғали Сейілұлы жауынгердің атына берілген аңшы мылтығын, «Ұлы Жеңістің 25 жылдығы» мерейтойлық белгісін, «В.И.Лениннің туғанына – 100 жыл», «Тың жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері» медальдарын  музей қорына тапсырды. № КС 8040 2 мылтықта «Ахметову С За высокие производственные показатели в честь 50 – летия Каз ССР и Компартии Казахстана РК КПК РИК» деген жазу бар.

Сондай–ақ, музей қорында ардагердің фотосуреттері, әскери билеті, 1943 жылы 27 қазанда жараланғандығы жөнінде медициналық  анықтама, «Боевая биография Сеила Ахметова» мақаласы жарияланған газет қиындысы (1943 ж) сақталған.