Азаттық үшін көтерілістің батыры Кейкі (Нұрмағамбет) Көкембайұлының туғанына 150 жыл толуына орай Амангелді ауданының мектеп оқушылары арасында өтетін «Ер Кейкі  - елдің есінде» атты шығармашылық байқаудың ережесі.

Мақсаты: Кейкі батырдың өмірі мен жорық жолдарының еліміздің азаттығы жолындағы жасаған ерлік істерін насихаттау, дәріптеу;

-Жас ұрпақтың туған өлке тарихына қызығушылығын арттыру және тұлғалық көзқарасын қалыптастыру;

- Оқушылардың ізденушілігі мен зерттеушілік қабілеттерін дамыта отырып, отансүйгіштік бағытта тәрбиелеу.

Байқау жұмыстары мына бағыттар бойынша қабылданады:

  • Шығармашылық (әңгіме, эссе, өлең т.б.)
  • Сурет, мүсін және қол өнері
  • Бейнероликтер.

Байқау талаптары: Шығармашылық жұмыстар А4 форматында көлемі  - 3 беттен  аспайтын,  Times New Roman шрифті, 14 кегльмен жазылуы керек. Бейнероликтердің ұзақтығы 7 минуттан аспауы тиіс. Байқауға Амангелді ауданының 6-11 сынып оқушылары қатынаса алады.

Өткізілу мерзімі: Байқау материалдары қазан айының 25-не дейін А.Иманов атындағы мемориалдық музейінде, Б.Майлин көшесі – 17 мекенжайына және Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштасына қабылданады.

Жұмыстар 1-ші қарашаға дейін қабылданады. Арнайы комиссияның шешімімен жеңімпаздар арнайы дипломдармен, ескерткіш сыйлықтармен марапатталады. Үздік деп танылған жұмыстар облыстық, республикалық байқауларға жіберіледі.

Ұйымдастырушылар: «А.Иманов атындағы Амангелді мемориалдық музейі» және «ШҰҒЫЛА» Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы КММ.

Байланыс телефондары: 8(71440)22065, 87028561946