Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы Қазақ елінің рәміздері. Еліміздің мемлекеттік рәміздері тәуелсіздіктің алғашқы жылдары 1992 жылдың 4 маусым күні қабылданған болатын. Биылғы 2021 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің ресми қабылданғанына 29 жыл толуына орай, А.Иманов атындағы мемориалдық музейі қызметкерлері аудан мектептерінің оқушыларын патриотизімге, рәміздерді қадір тұтуға тәрбиелеу мақсатында сақ, ғұн, түркі, алтын орда кезеңіндегі рәміздер тарихын баяндайтын «Рәміздер елдігімнің белгісі» атты көрме таныстырылып, «Жаңа Қазақстанның рәміздері» атты деректі фильм көрсетілді.