Амангелді ауданындағы Амангелді орта мектебінің оқушылары көктемгі демалыс уақытын тиімді өткізу мақсатында туып-өскен өлкеміздің және  1916 жылғы Торғайдағы Ұлт-азаттық көтерілістің тарихынан сыр шертетін А.Иманов атындағы музейге саяхат жасады.

Саяхат барысында музей қызметкерлерінің  ғылыми-зерттеу жұмыстарымен және музейдің экспозициялық залдарында орналасқан  экспонаттарымен танысып, экскурсиямен қамтылды.