16.05.2018ж. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының ғылыми – қолданбалы зерттеулер қызметінің ғылыми қызметкері Ләйла Омарова А.Иманов атындағы мемориалдық мұражайымен бірлесе отырып, Амангелді ауданы орта мектеп оқушыларына «Елбасытану» элективті курсы бойынша «Елбасы: өмірбаяны, бастамалары және саяси ұстанамы» туралы қызықты мәліметтерге толы сабақ өткізді. Іс-шараға Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы мұражайы директоры А.Қасенов және аталған мұражайдың ғылыми қызметкері Р.Хасенова қатысты.