Наурыз - түркі тайпаларының мүшел есебі бойынша жыл басы саналатын бірінші ай, ойын-сауық және наурыз көже жасау мерекесі. Бұл күні қазақ халықы да наурыз жырын айтып, наурыз тойын өткізеді. Биылғы 2021 жылы  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесі 14-23 наурыз күндері аралығында 10 күн тойланбақ. Соның төртіншісі, яғни, 17 наурыз – «Тарихқа тағзым күні». Осы күні музей қызметкерлері Н.Мейірманов атындағы орта мектептің оқушыларының caнacынa ұлттық құндылықтapды ciңipу, сонымен қатар Амангелді ауданының тарихын білуіне, туып-өскен ауылына деген cүйicпeншiлікті apттыру мақсатында А.Иманов атындағы музейдің экспозициялық залдарына экскурсия жасалды.