А.Иманов музейінің "Руханият" үйірмесінің оқушыларына арналған кезекті онлайн дәрісі өтті. Дәріс Бектепберген Үдербайұлының туғанына 150 жыл толуына орай "Ұлт азаттық қозғалыс ұсталары" тақырыбында жасалды. Дәріс барысында Бектепберген Үдербайұлы, Баязит Төлегенұлы, Оразбай Аманбайұлы, Жәлел Бекмырзаұлы  т.б ұсталар жайлы баяндалды. Үрпектегі сол ұстаханаға қойылған ескерткіш белгісінің тарихы туралы айтылып, музейдегі экспозициялар мен жәдігерлер таныстырылды.