2020 жылдың қаңтар айында аудан мектептерінің оқушыларынан құрылған тарихи-өлкетану «Руханият» үйірмесі ашылып, өз жұмысын бастаған болатын. Музей қызметкерлері үйірме қатысушыларына   «Ұлы дала тұлғалар» бағыты бойынша «Амангелді Иманов» тақырыбында онлайн дәріс өткізді. Дәріс барысында А.Иманов музейіндегі батырға арналған экспозициялардағы жәдігерлері, батырға арналып жазылған кітаптары және Торғайдағы  Ұлт азаттық көтерілістің тарихын таныстырғаннан кейін, онлайн дәрісті қорытындылап, үйірме жоспары бойынша  тапсырма берді.