«8 наурыз Халықаралық аналар» мерекесі қарсаңында А.Иманов музейінде шығарылған «Аналарға мың тағзым» атты көрмеде Амангелді ауданының әлеуметтік-экономикалық саласына ХХ ғасырларда колхоз шаруашылығына еңбегі сіңген, сирек кездесетін мамандықтарда жұмыс істеген аналарымыздың фото-суреттері қойылды. Көрмені әдіскер Д.Сейдағалиева мектеп оқушылары мен көп балалы аналар қауымына таныстырды. Көрме барысында мектеп оқушылары өткен ғасырда өмір сүрген аналар тарихымен терең танысса, әйелдер қауымы сұрақтарын қойып, өз білгендерімен бөлісті. Музей ұжымы шараға қатысушыларды келе жатқан мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.