1914 жылы Қостанай облысы Батпаққара ауданы № 10 ауылда туған. Аудан орталығында оқып, бастауыш білім алған. 1932 жылы Қостанай қаласындағы есепшілер дайындайтын курсты бітіріп, 1934 жылдан Совпарт школда оқыған. 1941 жылдың тамыз айында әскерге шақырылды. Курск доғасындағы ұрыста 522 АП құрамында пулеметшілер взводын басқарған. Поныри ауданы маңындағы ұрыста ауыр жараланып, госпитальда ұзақ емделіп, 1944 жылы елге оралды. Елге келген соң колхоздарда есепші болып жұмыс істеген. 1950-1955 жылдар аралығында Жангелдин ауылындағы «Еңбек» колхозында есепші, кейін колхоз басқармасына сайланды. Кейін Аманкелді ауданына көшіп келіп, аудандық мал бордақылау мекемесінде жұмыс істеп зейнеткерлікке шығады. Жауынгерлік ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін» 1941-1945 жылдардан «Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуковтың медальдарымен марапатталған.