1920 жылы 2 қазанда Қостанай облысы Аманкелді ауданы Ұзынқоға елді-мекенінде дүниеге келген. Жастай әке-шешесі қайтыс болып, жетім қалған. Әулиекөл, Федоров аудандарындағы жетім балалар үйінде тәрбиеленген. 18 жасында әскер қатарына алынады. 1941 жылы Украина майданында кіші командирлер даярлайтын курста оқып, кіші лейтенант атағын алды. Шығыс Пруссия жерінде болған бір ұрыста 13 неміс солдатын қолға түсірген ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталады. Сол ұрыста жараланып, Эстония елінде госпитальда ұзақ емделіп, 1946 жылы елге оралады. «Кенинсбергті алғаны үшін» медалімен және мерекелік 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына 20 жыл КСРО Қарулы күштерінің құрылғанына 60 жыл медальдарымен марапатталған. Көп жыл бойы мал бордақылау шаруашылығында жұмыс істеген. Аудандық атқару комитетінде жалпы бөлім меңгерушісі болып 10 жылға жақын жұмыс атқарып, зейнеткерлікке шыққан.