1914 жылы Торғай уезі, Жаркөл ауылында дүниеге келген. 1928 жылы Аманкелді ауданына көшіп келіп, Жаңатұрмыс колхозында жұмыс істеген. 1942 жылы қараша айында Қызыл әскер қатарына шақырылады. Челябі облысының Шұбаркөл станциясында әскери дайындықтан өтіп, 171-атқыштар дивизиясының 380-атқыштар полкінде Калининград және ІІ Украина майданында соғысқан. 1944 жылы ауыр жараланады. Калинин облысының Сытевка елді-мекенін азат етуде ерлігімен көзге түсіп, «Қызыл Жұлдыз» орденімен, кейін І дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Германияны жеңгені үшін» медалімен, көптеген мерейтойлық медальдармен марапатталған. 1945 жылы елге аман-есен оралып, колхоз басқармасы, ауылдық кеңестің төрағасы, колхоз партия ұйымының хатшысы қызметтерін атқарған. Соғыс салған жараның зардабынан 1989 жылы қайтыс болды.