Есболов Қайырбай

 

1917 жылы дүниеге келген. 1938 жылы педагогикалық техникумды бітіргеннен кейін, 1940-1946 жылдар ралығында кеңес әскері қатарында болған. Қостанай қалалық комитетінде, қарасу, Обаған, Затобол аудандық партиякомитеттерінде хатшы, 1960 жылдары Затобол ауданында аудандық атқару комитетінің төрағасы болып, 1966 жылы амангелді ауданына І хатшы болып келеді. 1972 жылы Арқалық қаласында Торғай облысы кәсіподақтары  Кеңесінің төрағасы болды. Одан Қостана қаласына жұмыс ауыстырған кезде көп ұзамай 1985 жылы дүниеден өтеді. Ұлы Отан соғысында болып, полк командирі болған партия қызметкері  Қайырбай Есболовтың еліне еткен еңбегі еленіп, Ленин орденімен, 2 мәрте Қызыл Жұлдыз орденімен, 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, 7 әр түрлә мерекелік медальдармен марапатталған.