Нұржанов Әбсадық Баймұханұлы

 

 

1926 жылы 15 қарашада Қостанай облысы Амангелді ауданы Байғабыл  ауылында дүниеге келген. Байғабыл орта мектебінде 8 сыныпқа дейін оқып, 1945-1950 жылдар аралығында Балтық әскери теңіз флотында әскери міндетін атқарады. 1950-1952 жылдар арлығында Қостанай мемлекеттік оқытушылар институтының  орыс тілі мен әдебиеті бөлімін, 1960-1965  жылдары Магнитогорск қаласындағы педагогикалық институтын, Қостанай ауылшаруашылық техникумын зоотехник мамандығы бойынша бітірген . Алғашқы еңбек жолын 1952 жылы Амангелді ауданы Коммунизм жолы совхозының Жасбуын орта мектебінен орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастайды. 1954-1959 жылдары Иманов совхозындағы Жаңа ауыл орта мектебінде мұғалім, 1959-1960 жылдары Амангелді аудандық партия комитетінде инструктор, 1960-1963 жылдары Қостанай комсомолы (Қайғы ауылы) совхозында партия ұйымының хатшысы, 1963-1965 жылдар аралығында Сарыторғай совхозында  бастауыш партия ұйымының хатшысы, 1965-1970 жылдары Амангелді ауданында аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы, 1970-1972 жылдары Амангелді аудандық халықтық бақылау комитетінің төрағасы, 1972-1984 жылдары Қазақстанның 40 жылдығы совхозының директоры, 1984-1990 жылдары Коммунизм жолы совхозының директоры қызметтерін атқарған. Көп жылғы еңбегі бағаланып Қазақ КСР Жоғары Кеңесі президиумының Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің Құмет грамоталарымен, Еңбекші депутаттар облыстық атқару комитетінің Құрмет грамотасымен,  1976 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 1980 жылы «Қазақ КСР ауылшаруашылығына еңбегі сіңген қызметкер»  атағын алады. 1990 жылы дербес зейнеткерлікке шығып, қызметтен қол үзбей Амангелді аудандық селолық советінің төрағасы болып қызмет етеді. Ұстаз, шаруашылық ұйымдастырушысы 2008 жылы 22 желтоқсанда дүниеден өтті.