Жаңғабылов Жаңбыршы

 

 

1911 жылы  бұрынғы Торғай оязы Қараторғай болысы 4 ауылда дүниеге келген. Шаруашылық және қоғам қайраткері. Еңбек жолын  1932 жылы Амангелді ауданындағы ұжымшар жастары мектебінде тәрбиеші болып тастаған. 1933-1941 жылдары  амангелді ауданында «Социалистік шаруа» газетінің әдеби қызметкері, жауапты хатшысы, аудандық комсомол комитеті саяси оқу, кадр бөлімдерінің меңгерушісі, тұтынушылар одағының  хатшысы  қызметтерін атқарды. 1942 жылдан партиялық қызметке ауысып, Қазақстан компартиясы Амангелді аудандық комитетінде нұсқаушы, үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, дайындық комитеті өкілі бастығының орынбасары болып істеді. 1950-1960 жылдары Ленин атындағы ұжымшар басқармасының төрағасы, «Коммунизм жолы» кеңшарының алғашқы директоры болды. 1973-1983 жылдар аралығында А.Иманов атындағы мемориалдық мұражайда директор болды. 2001 жылы 29 желтоқсанда дүниеден өтті.