3 - сәуір 1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілістің басшысы, сардары Амангелді Үдербайұлы Имановтың туған күніне орай, қашықтықтан zoom форматында ерлік сабағы өткізілді. Мақсаты: батырдың есімін ұлықтау, ерліктерін насихаттау және өмір жолын таныстыру; Аталған шараға Алматы қаласы №142 ЖББ мектеп КММ-сінің оқушылары және Астана қаласындағы Фариза Оңғарсынова № 77 мектеп гимназиясының оқушылары қатынасып, өз белсенділіктерін көрсетті. Іс-шара барысында музей залдарының экскурсиясы көрсетіліп, музей әдіскері Ж.Досбергенов шараны қорытындылап, Амангелді батырдың жүріп өткен жолдарындағы ерліктері ұмытылмайтындығын атап өтті.