Бүгін, 3 cәуір – Халық батыры, 1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілістің бас сардары А.Имановтың туғанына 150 жыл толып отыр. Осы атаулы мерейтойға орай, батырдың жерленген орнындағы ескерткіші басында Амангелді ауданының әкімінің орынбасары С.Ганиев және аудандық ардагерлер, мекеме қызметкерлері және «Сатыбалды Ишан» атындағы мешітінің бас имамы Н.Мұхамеднұрұлының қатысуымен Амангелді батырдың рухына  құран бағышталды.