24 маусым күні ұстаз, ақын, айтыскер, елінің біртуар азаматы Қабден Қарымсақұлының туғанына 90 жыл толу құрметіне А.Иманов музейіне туыс-туған, жақындары келіп, ел азаматтарымен кездесу өтті. Кездесу барысында ақынның өмір жолы жайлы естеліктер айтылды. Және де «Ұстаз, ақын Қ.Қарымсақов – 90 жыл» атты көрме шығарылып, музей басшысы С.Туленов таныстырды. Теледидардан Қ.Қарымсақовтың отбасы мен шығармашылығы жөнінде бейне ролик көрсетілді. Ұстаздың қызы Ж.Қарымсақова «Сағындым әке иісіңді» атты балалары жазып шығарған жинағын музей қорына табыстады.