10.06 күні Балалар жылы аясында жас балғындардың тарихи білім алу және өлке тарихын танып, білу мақсатында А.Иманов музейіне Амантоғай орта мектебі, Ы.Алтынсарин орта мектебі, Н.Мейірманов орта мектебі келіп, 1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілістің және Амангелді ауданының тарихымен танысты. Экскурсияны музей қызметкері Д.Н Сейдағалиева жасады.