2022 жыл «Ба­лалар жылына» және 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балаларға білім беру бағытында А.Иманов атындағы музейінде тақырыптық экскурсия өтті. Ә. Боранбаев жалпы білім беретін орта мектеп бүлдіршіндеріне туған жер тарихына деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында Амангелді ауданының тарихымен және өңірде болған тарихи оқиғалар таныстырылды. «Әркімнің туған жері өзіне Мысыр шаһары» демекші, балалар төл тарихымен, өлке тынысымен терең танысып, тың деректер ұсынылды. Кездесуде оқушылар Амангелді батырдың ерлігі жайында, оның халық батыры екенін танып- білумен қатар тарихи жәдігерлерді көзбен көріп,  туған жер туралы тереңірек білгісі келген балалардың қызығушылықтарын оятты. Мұндай тағылымы  мол басқосулар келешекте де жалғасын тапса, деген тілектерін жеткізді.