1992 жылдың 7 мамырында құрылған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 30 жыл толып отыр. Осы атаулы күнге орай Қазақстанның ежелгі замандардан бүгінгі күнге дейінгі әскери тарихын бейнелейтін Нұрсұлтан қаласындағы еліміздегі техникалық жабдықтамасы ең озық «ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейі» орналасқан.

Заман ағымына байланысты А.Иманов атындағы музей қызметкерлері Әскери-тарихи музейіне қашықтықтан виртуалды экскурсия жасады. Мақсаты: Ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілікті, отан сүйгіштікті, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеп, музей ішіндегі жәдігерлермен таныстыру. Аталған шараға Амангелді ауданындағы аралас жекпе-жек «BATYR» клубының жаттықтырушысы Турганов Ислам және оқушылары қатысты. Сонымен қатар, А.Иманов мемориалдық музей залдарына экскурсия жасалып, Ұлы Жеңістің 77 жылдығына арналған «Ерлікке мың тағзым» тақырыбында көрмемемен таныстырылды.