Амангелді ауданының құрметті азаматы, танымал өнерпаз Сапарғали Ахметжанұлының 75 жасқа толуына орай "Туған ел мақтанышы - 75 жаста" тақырыбындағы көрме 09.01 күні ұйымдастырылды.

Музейдің қызметкері К.Абжанова көрмедегі Сапарғали ағамыздың әр жылдардағы шығармашылық, өнер жолынан сыр шертетін фото-суреттерін, марапаттарын музейге келушілерге таныстырды.