#Qazaqstan30 Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 1 желтоқсан –Тұңғыш Президенті күні А.Иманов мемориалдық музейінде  «Елбасы жетістіктері» тақырыбында көрме шығарылды. Көрмемен танысуға Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушылары және «Амангелді ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ-сінің ұстаздары мен оқушылары келді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен саяси қызметі, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы елбасының тарихи рөлі, Қазақстан қоғамын жаңарту мен қайта құрудағы Елбасының жетістіктері туралы мәліметтер беру мақсатындағы көрмені келушілер қызыға тамашалады.