«Тәуелсіздік жетістіктері»

#Qazaqstan30 Тәуелсіздіктің қазақ тарихында алатын орны өзгеше.Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр.Осы атаулы мерекеге орай  еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктерін насихаттау және Отанды сүюге, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында музей қызметкерлері 2021 жылдың 11-ші қарашасында Амангелді батыр есімін иеленген Амангелді орта мектебінің оқушыларына «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында музей сабағын өткізді.