Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Амангелді ауданына Наурызым ауданынан бір топ қонақтар келді. Құрамында Наурызым ауданының бір топ ардагерлері және ардагерлер кеңесінің төрағағасы Қоржынбаев Тумырза Байжанұлы болды. Мәртебелі қонақтар А.Иманов атындағы мемориалдық музейінде экспозициялық залдарымен танысты.Танысу барысында музей қызметкері Ж.Досбергенов келген қонақтарға музейдегі тарихи жәдігерлер туралы баяндады.