31 мамыр саяси қуғын -сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай А.Иманов атындағы мемориалдық музейінде "Халық -халық жауы атанғанда" тақырыбында жазықсыз жаланың құрбаны болган кісілердің ұрпақтарымен кездесу өтті. Іс-шараға Сапарғали Тасмағанбетов, Жанат Ермағанбетова, Сейдағалым Әлшорин, Талғат Байдәулетов, Алмагүл Қабланбекова, Сатыбалды ишан мешітінің имамы Жандарбек Мүбаракұлы жане мектеп оқушылары катысты. Кездесуде Амангелді ауданы бойынша 1920-1950 жж репрессияга ұшыраган, атылған, ақталған жане жыл басынан бері саяси куғынға ұшырап, ақталмаған кісілерді ақтау жөніндегі жұмыс тобының жұмыстары жөнінде ақпарат берілді, ұрпақтарымен сұхбат жургізілді. Қостанай облыстық өлкетану музейінің ғылыми хатшысы, саяси қугын - сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі облыстық жұмысшы тобының жетекшісі Оташева Назима Қуанышбайқызының облыс көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар жоніндегі бейне материалы көрсетіліп, музей қорында сақталған құжаттар мен фотоматериалдардан шыгарылған көрме таныстырылды. Іс-шара соңында қуғын - сүргін және ашаршылық құрбандарына арналып құран бағышталып, "Зауал.Ашаршылық"деректі фильмі көрсетілді.